[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

14.04.2023

Көктемде барлық жерде аң аулауға болмайды!


Бекітілген  аң аулау орындарында жабайы еркек үйректерге және қырмандарда құр аталықтарына  көктемгі аң аулауына байланысты «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағында аң аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Жануарлар әлемін қорғау және молықтыру саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін бұзушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда аң аулау ережелері және жануарлар әлемін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік кодексі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық қаруды және (немесе) заттарды тәркілеумен 70 АЕК мөлшерінде жеке тұлғаларға айыппұл салынады.

Осымен бірге, Қызыл кітапқа енгізілген түрлерді қоспағанда әр заңсыз олжаланған қаз, құр, үйрек, қасқалдақ дарағы үшін залал 5 АЕК құрайды.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда жануарлар әлемі объектілердің заңсыз өндіріп алуы 3 коэффициентіне көбейтіледі. Мысалы, бір заңсыз олжаланған дарақ үшін залал сомасы 51750 теңге құрайды.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзбай,  табиғатқа ұқыптылықпен қарайық.