[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

05.07.2023

Зеренді, Имантау-Шалқар курорттық аймақтары қалай дамитын болады?

Имантау-Шалқар және Зеренді демалыс аймақтарда экотуризмді дамыту мақсатында 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қаңтар аралығында «Көкшетау» МҰТП РММ инфрақұрылымын дамыту бас жоспарына сәйкес «Көкшетау» МҰТП РММ жер учаскелерін беру үшін конкурстар және тендерлер өткізілді.Барлығы туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін 39 жер учаскесі берілді, олардың ішінен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 29 жер учаскесі берілді (22 ұзақ мерзімді пайдалану учаскесі, 7 қысқа мерзімді пайдалану учаскесі), Ақмола облысы бойынша 10 жер учаскесі берілді (4 ұзақ мерзімді пайдалану учаскесі, 6 қысқа мерзімді пайдалану учаскесі).

Барлығы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 16 бірлік Эко-отель, 2 бірлік Глэмпинг, 1 бірлік Автокараванинг, 1 бірлік Су-құтқару станциясының құрылысы, 2 бірлік демалыс аймағын жайластыруы жоспарланып отыр.Ақмола облысы бойынша 2 бірлік Эко-отель, 1 бірлік Қонақүй кешені, 1 бірлік Глэмпингтің құрылысы, 2 бірлік Кемпинг, 1 бірлік Балалар кемпингі, 3 бірлік Демалыс аймағының жайластыруы жоспарланып отыр.Инвестициялардың жалпы сомасы 3,5 млрд.теңнеден аса құрады.Қазіргі уақытта тұтынушылар жобалық-сметалық құжаттаманә әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындығы (аумақты қоршау және т.б.) бойынша жұмыстарды атқарып отыр.

Сонымен қатар Имантау-Шалқар демалыс аймағының барлық аумағын ғаламтормен және байланыспен қамтуға мүмкіндікті беретін ғаламтор және ұялы байланыс мұнараларын орналастыру үшін 6 жер учаскесі берілген (Арықбалық филиалында 2 қысқа мерзімді пайдалану учаскесі, Шалқар филиалында 1 ұзақ мерзімді пайдалану және 3 қысқа мерзімді пайдалану учаскелері).