[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

25.08.2023

«Көкшетау» ұлттық паркінің аумағында «ОРМАН-2023» оқу-жаттығуы өтті

2023 жылғы 25 тамыз күні «Көкшетау» МҰТП РММ «Орманды бұлақ» филиалының аумағында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының  ТЖД шартты орманды және далалық өртті сөндіру  тәсілдері және тактикасы бойынша «ОРМАН–2023» облысаралық командалық-штабтық   оқу-жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығулар ЕҚТА аумағында пайда болатын орманды және далалық өртті сөндіру бойынша  құралдарды және күштерді  басқару органдарымен өзара әрекеттесуді жетілдіру, өзара әрекеттесетін мекемелер арасындағы өрт туралы ақпаратпен алмасу тәртібі, орманды және далалық өрттерді сөндірудің әдістері және тәсілдері мақсатында өткізілді.

Оқу-жаттығуларда Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Муратович  Рамазанов  және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, сонымен қатар ТЖД, ТЖБ басшылары, «Көкшетау» МҰТП РММ, «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері және еріктілер қатысты.

«Көкшетау» МҰТП РММ атынан   оқу-жаттығуларда жеке құрамынан 20 адам қатысты және өртке қарсы техникасы жұмылдырылды:  6 бірлік – АЦ 40 өртке қарсы автокөлігі, тіркеме жабдығы бар тракторлар – 6 бірлік; ШОПК – 2 бірлік.

Оқу-жаттығулар  барысында «Көкшетау» МҰТП РММ жоспарланған қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу сатысында тұрған «Орманды және далалық алқаптарда өртті ерте анықтау жүйесінің»  презентациясы өткізілді.

Сонымен қатар, өрттің пайда болу орнының аэровизуальды қарауы, өрт десантының жерге түсуі, «Зерен» жартасынан зардап шеккендерді құтқару, «Көкшетау» МҰТП РММ, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының және жергілікті атқарушы органдар күштерінің және  құралдарыыңың әрекетін көрсетілді (өрт сөндіру, су әкелу,).

Альжанка ауылының тұрғындарын эвакуациялау, шатырлы қалашықта орналастыру, медициналық және психологиялық жәрдем көрсету, азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Оқу-жаттығулар қорытындысы бойынша  жедел әрекет ету, өрттерді уақытылы анықтау бойынша іс-шаралар, ЕҚТА аумағында пайда болатын орманды және далалық өртті сөндіру бойынша әдістер мен тактикалары жетілдірілді.