«Көкшетау» РММ филиалдарының меминспекторларымен 19 желтоқсанда 2024 жылы жабайы жануарларды қоректендіру үшін жем салынды: шөп- 742 ц., астық жем-662 ц., жем сыпыртқысы -58482 дана, тұз — 2,6 тонна.
Рубрика: Без рубрики
🔷2024 жылғы Жаңа жыл мерекесі аясында қылқан жапырақты жас өскіндерді қорғауды күшейту шаралары
2024 жылы 27 қараша күні «Көкшетау» МҰТП РММ ҒТК (ғылыми-техникалық кеңестің) отырысы оффлайн және ZOOM алаңшасы арқылы онлайн нысанында өткізілді.
«Көкшетау» МҰТП РММ қызметкерлерімен Шалқар филиалының аумағында заңсыз аң аулауына жол берілген жоқ
Жазғы маусымда жабайы жануарларды қоректендіру үшін дайындалды және сатып алынды: 282,8 тонна шөп, 256 294 дана сыпыртқы, 349,6 тонна жемдік астық және 12,51 тонна тұз
2024 жылы 9 айда М(ТП аумағында 74 055 адам болды.
Continue reading «2024 жылы 9 айда М(ТП аумағында 74 055 адам болды.»
ЕҚТА аң аулауға ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!!!
Бекітілген аңшылық жерлерде суда жүзетін құстарға, сондай-ақ тұяқты жануарларға (аталықтарға 15 шілдеден, аналықтар мен биылғы төлдерге 15 қыркүйектен) аң аулау маусымын (тамыздың соңғы сенбі күні) ашылудың басталуына байланысты «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ерекше қорғалатын табиғи аумақта және қорғау аймағында аң аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Жануарлар әлемін күзету және молайту саласындағы табиғат қорғау заңнамасының бұзушылығы үшін тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Әкімшілік кодексі бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулау және жануарлар әлемін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық қаруды және (немесе) заттарды тәркілеумен жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл қолданылады. Егер залалдың мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен асырып тұрса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады және үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлмен немесе сондай мөлшердегі түзеу жұмыстармен жазаланатын болады немесе сегіз жүз сағат мерзімінде қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе үш жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сондай мерзімінде мүлікті тәркілеумен бас бостандығынан айырылады.
Табиғатқа ұқыпты қараңыздар және табиғат қорғау заңнамасын бұзбаңыздар!
Бүгін ҚР ЭТРМ вице министрі Н.К.Шарбиев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары
Орман сусары туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының Қарауылтөбе орманшылығында қорықшы қызметімен фото-видео тұзақты орнату кезінде жылдың жазғы уақытында Орман сусары (Martesmartes) тағы бір рет байқалды, жылдың қысқы уақытымен салыстырғанда бұл сондай жасырын жүретін орман жыртқышты камераға түсіріп алудың өзі қиындыққа әкеліп соқтырады.
Аталған жұмыс парктің ғылыми бөлімімен 2021-2025 ж. ҒЗЖ жоспары шеңберінде жүргізіледі.
«Көкшетау» МҰТП РММ
Ғылым және экологиялық
мониторинг бөлімі