[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

2024 жылы 9 айда М(ТП аумағында 74 055 адам болды.

Тұрақты түрде туристік соқпақтарды қоқыстан, шырпыдан және қурап қалған ағаштан тазалау жұмыстары, сондай-ақ объектілерінің абаттандыруы жүргізіледі.

Continue reading «2024 жылы 9 айда М(ТП аумағында 74 055 адам болды.»

ЕҚТА аң аулауға ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!!! 

Бекітілген аңшылық жерлерде суда жүзетін құстарға, сондай-ақ тұяқты жануарларға (аталықтарға  15 шілдеден, аналықтар мен биылғы төлдерге 15 қыркүйектен)  аң аулау маусымын (тамыздың соңғы сенбі күні) ашылудың басталуына байланысты «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ерекше қорғалатын табиғи аумақта және қорғау аймағында аң аулауға тыйым салынғанын  ескертеді. Жануарлар әлемін күзету және молайту саласындағы табиғат қорғау заңнамасының бұзушылығы үшін тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Әкімшілік кодексі бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулау және жануарлар әлемін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық қаруды және (немесе) заттарды тәркілеумен жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл қолданылады.  Егер залалдың мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен асырып тұрса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады және үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлмен немесе сондай мөлшердегі түзеу жұмыстармен жазаланатын болады немесе сегіз жүз сағат мерзімінде қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе үш жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сондай мерзімінде мүлікті тәркілеумен бас бостандығынан айырылады.

Табиғатқа ұқыпты қараңыздар және табиғат қорғау заңнамасын бұзбаңыздар!

Бүгін ҚР ЭТРМ вице министрі Н.К.Шарбиев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары

Continue reading «Бүгін ҚР ЭТРМ вице министрі Н.К.Шарбиев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары»

Орман сусары туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының Қарауылтөбе орманшылығында қорықшы қызметімен фото-видео тұзақты орнату кезінде жылдың жазғы уақытында Орман сусары  (Martesmartes) тағы бір рет байқалды, жылдың қысқы уақытымен салыстырғанда бұл сондай жасырын  жүретін орман жыртқышты камераға түсіріп алудың өзі қиындыққа әкеліп соқтырады.

Аталған жұмыс парктің ғылыми бөлімімен 2021-2025 ж. ҒЗЖ жоспары шеңберінде жүргізіледі.

«Көкшетау» МҰТП РММ

Ғылым және экологиялық

мониторинг бөлімі

🔷Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем Ұлттық парктердің есебінде қалады

2024 жылы 8 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Continue reading «🔷Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем Ұлттық парктердің есебінде қалады»

«Көкшетау» МҰТП РММ филиалдарында өрт қауіпті маусымға дайындық тексеріс жүргізіліп жатыр

Continue reading ««Көкшетау» МҰТП РММ филиалдарында өрт қауіпті маусымға дайындық тексеріс жүргізіліп жатыр»