[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

«Қазақстан бойынша ағаш отырғызу күні»

🇰🇿 🌱🌳 «Орманды бұлақ» филиалының игі бастамасы!
Троицк жалпы білім беретін мектебінде 🌿 «Қазақстан бойынша ағаш отырғызу күні» акциясы өткізілді.

Бұл экологиялық шараға 👩‍🎓👨‍🎓 12 оқушы, 👩‍🏫 3 мұғалім және 🌲 «Орманды бұлақ» филиалының 5 мемлекеттік инспекторы қатысты.

Акция барысында мектеп аумағына 🌲 20 дана кәдімгі қарағай көшеті отырғызылды.

🌍 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Жасыл болашақ үшін бірге еңбек етейік! 💚

“Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні”

“Көкшетау” ұлттық табиғи паркінің Зеренді филиалында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” өтті.

Іс-шара барысында Красный Кордон, Бәйтерек, Айдабол, Викторовка ауылдарының мектептері аумағында, сондай-ақ Зеренді аудандық әкімдігі мен Викторов ауылдық әкімдігі аумақтарында 50 түп кәдімгі қарағай көшеті отырғызылды.

Ағаш отырғызу жұмыстарына оқушылар, мұғалімдер, әкімдік қызметкерлері және филиалдың мемлекеттік инспекторлары белсенді қатысты. Жалпы қатысушылар саны — 90 адам.

«Таза Қазақстан» акциясы әртүрлі буын өкілдерін бір мақсатқа — елімізді таза, жасыл әрі көркем ету жолында біріктіреді

Зеренді филиалы табиғатты қорғау шараларына белсенді қатысып, жас ұрпаққа табиғатқа деген жанашырлық пен ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыруды жалғастыруда

Табиғатты қорғау — болашаққа деген қамқорлық!

Өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар

🇰🇿 🌱🔥 «Көкшетау» ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Аталған жұмыстар аясында халықпен түсіндіру әңгімелері өткізіліп 🗣️, ақпараттық материалдар таратылуда 📄, сондай-ақ аншлагтар, паннолар және шлагбаумдар жаңартылуда 🚧.

Бұл шаралар орман өрттерінің алдын алуға және табиғи байлықтарды сақтауға бағытталған 🌿🌍.

Орманды сақтайық — өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық! 🔥💚

«Парктер шеруі – 2026»

«Парктер шеруі – 2026» 🌿 табиғатты қорғау акциясы аясында «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалының мемлекеттік инспекторлары Викторовка, Зеренді, Бәйтерек және Қызыл Кордон ауылдарының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында табиғи экожүйелерді сақтау 🌍, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, орман өрттерінің алдын алу 🔥 және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.

Тұрғындарға орман мен су айдындарының тазалығы 💧, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сақталуы 🦌🌱 әрқайсымыздың жауапкершілігімізге және экологиялық мәдениетімізге байланысты екені еске салынды.

Мұндай іс-шаралар халықтың экологиялық санасын арттыруға және табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Табиғатты қорғаңыз — бұл біздің ортақ болашағымыз! 🌿💚

🔹 «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт туралы ақпарат

🔹 «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт туралы ақпарат

📅 2026 жылғы 21 сәуір сағат 11:19 «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Шалқар орманшылығы аумағындағы 73-орамында өрт шықты.
✅ 21 сәуір күні сағат 12:40-да ұлттық парк, Айыртау ауданының ТЖБ және РМК «Қазавиорманқорғау» мамандарының бірлескен іс-қимылының нәтижесінде өрт оқшауланды.
🚒 Өртті сөндіруге жалпы 51 адам және 14 техника бірлігі, 1 әуе кемесі жұмылдырылды:
* «Көкшетау» МҰТП – 39 адам, 12 өрт сөндіру техникасы;
* Айыртау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі (ТЖБ) – 12 адам, 2 техника:
* «Қазавиаорманқорғау» РМК – 1 әуе кемесі және 4 десантник.
📌Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндіру жұмыстарына ұлттық парктің бас директоры Ж.Карабаев басшылық етуде.

Орман шаруашылығы жұмыстары

🌲 Көкшетау МҰТП аумағында маңызды орман шаруашылығы жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Орман питомнигі аумағынан екі жылдық кәдімгі қарағай, қайын көшеттерін қазып алу жұмыстары сәтті жүзеге асырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – орман алқаптарын толықтыру, жас көшеттерді тұрақты жерге отырғызуға дайындау және табиғи тепе-теңдікті сақтау. Қарағай, қайын екпе материалдарын уақытылы қазып алып, тиісті аумақтарға отырғызу орманды молайтуға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға зор үлес қосады. 🌿
Табиғатты қорғау және орман байлығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Табиғатты бізбен бірге қорғаңыздар!

Табиғатты бізбен бірге қорғаңыздар!

Көктемнің келуімен аңшылық маусымы ашылады:
Ақмола облысының Зеренді ауданында — 2026 жылғы 18 сәуірден бастап,
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында — 2026 жылғы 25 сәуірден бастап.

Осы кезеңде мынаны есте сақтау өте маңызды:
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы — табиғат өз заңымен өмір сүретін аймақ, мұнда аң аулауға тыйым салынған.

Көктем — жаңару кезеңі, жануарлар мен құстардың төлдеу уақыты. Дәл қазір олар ерекше тыныштық пен қорғауды қажет етеді.

Белгіленген шектеулерге түсіністікпен қарап, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауларыңызды сұраймыз.
Заң бұзушылықтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Бүгін табиғатты сақтасақ — оны болашақ ұрпақ үшін қорғаймыз.

“Таза Қазақстан”

“Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің орман шаруашылығы мамандығының студенттерімен орман көшеттерін отырғызды. 🌱🌱🌱🌲🌲🌲🌲

Бұл шараның негізгі мақсаты — жасыл желекті көбейту және жастарды табиғатты қорғауға баулу. 🌲🌲🌲

Визит-орталығы

«Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалында 2022 жылдан бастап заманауи Визит-орталығы табысты жұмыс істейді. Бұл орталық – өңірде экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізудің және танымдық туризмді дамытудың маңызды буыны болып саналады. Ашылған күннен бастап орталық туристердің, оқушылар мен студенттердің, сондай-ақ Зеренді ауданының табиғи мұрасына бейжай қарамайтын жандардың басын қосқан орталыққа айналды.

Мұнда келушілер ұлттық парктің аумағы, оның биоәртүрлілігі, флора мен фаунаның сирек және қорғалатын түрлері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүріс-тұрыс ережелері туралы толық ақпарат ала алады.

Визит-орталығының экспозициясы ақпараттық стендтерден, көрнекі макеттер мен фотосуреттерден тұрады. Қонақтардың арасында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерге арналған материалдар, сондай-ақ табиғаттың маусымдық өзгерістерін көрсететін тақырыптық көрмелер ерекше қызығушылық тудырады.

Визит-орталығы өз жұмысын бастағалы бері жүздеген келушілерді қабылдады. Осында тұрақты түрде экскурсиялар, экологиялық сабақтар, тақырыптық кездесулер мен акциялар ұйымдастырылып, олар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған. Мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады – олар үшін теория мен практиканы ұштастыратын танымдық бағдарламалар әзірленген.

Визит-орталығы туристік бағыттарды сүйемелдеуде де маңызды рөл атқарады. Орталық қызметкерлері қонақтарға кеңес береді, демалудың оңтайлы бағыттарын таңдауға көмектеседі, қауіпсіздік ережелерімен және табиғатты қорғау талаптарымен таныстырады.

Визит-орталығының дамуы өңірде экологиялық тәрбие беру және экологиялық туризмді насихаттау ісінде аса зор рөл атқарады.

Бәйшешектер

Құрметті өлкеміздің тұрғындары мен қонақтары!
Көктемнің келуіне орай «Көкшетау» Ұлттық табиғи паркінің аумағында алғашқы көктем гүлдері – алғашқы гүлдер атқылап шықты. Халық арасында олар «бәйшешектер» деп аталады. Бұл гүлдердің ғылыми атаулары: «Сары ашық құндызшөп, Еділ адонисі және көктем адонисі». Бұл сирек кездесетін өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекеттің ерекше қорғауында.
Осыған байланысты біз өлкеміздің барша жанашыр азаматтарын осы нәзік гүлдерді сақтауға және оларды жұлып алмауға шақырамыз. Өйткені бұл гүлдер еліміздің солтүстік өңірінде жылына бір ай ғана гүлдейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ұлттық парк қызметкерлері өлкеміздің тұрғындары мен қонақтарына ескертеді, гүлдерді жұлу, жинау, жою және олардың тіршілік ету ортасын бүлдіру әкімшілік жауапкершілікке – айыппұл салуға және қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуге әкеп соғады.
Байлығымызды болашақ ұрпақ үшін бірге сақтап, арттырайық!