[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

Ғылыми семинар

«Көкшетау» МҰТП ғылым және экологиялық мониторинг бөлімі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Экология» мамандығының студенттерімен ғылыми семинар өткізді.Студенттер 2026-2030 ж. ҒЗЖ келешекті жоспарын және ғылыми жұмыстарды өткізу әдістерімен, биоәралуандылықты сақтау мәселелерімен, «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінде өткізілетін маңызды зерттеулер бағыттарымен таныстырылды.Олар сұрақтар қойып, талқылауларға белсенді қатысып отырды және алдағы оқу мен ғылыми қызметі үшін бағалы тәжірибе біле алды.

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

26 мамыр күні А.Мырзахметов атындағы университетінде «Көкшетау» МҰТП ғылым және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тақырыбына семинар өткізді. Ғылыми семинарға оқытушылар С.М.Уразбаева, А.К.Умбетова, К.М.Магжанов және «Экология және тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау» білім бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты.Семинар барысында ғылым бөлімінің басшысы М.М.Тасбулатов және А.А.Хамитова 2021-2025 ж. өткізілген ғылыми зерттеулер, сондай-ақ жақындағы 5 жылда келешектері туралы айтып берді.Студенттер белсенді қатысып, оларды қызықтырған сұрақтар қойды

Жұпсыз жібекқұртына бақылаулар

«Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Зеренді филиалының мем.инспекторы орман күзету бөлімінің мемлекеттік инспекторларымен бірлесе жұпсыз жібекқұртына бақылаулар жүргізу үшін сынақ алаңдары салынды.Мониторингтік жұмыстарды шеңберінде зиянкестердің санына есеп, сүрек өсімдіктерінің зақымдалу деңгейін бағалау, осымен бірге паркінің аумағында жәндіктердің таралу ошақтарының ерекшеліктерін зерттеу жүргізіледі.Алынған нәтижелер орман экожүйелеріне қауіпті уақытылы анықтау және орман қорын қорғау және сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін пайдаланады. Аталған шаралар «Көкшетау» МҰТП барлық филиалдарында Ғылыми-зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

«Парктер шеруі – 2026»

«Парктер шеруі – 2026» акциясы аясында ұлттық парк мамандары Шоқан Уәлиханов атындағы университет студенттеріне танымдық лекция өткізді.

Кездесу барысында ұлттық парктің табиғи байлығы, биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық санасын арттырып, табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

“Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы бақылау-өткізу посттарындк дайындық жұмыстары жүргізілуде

“Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы бақылау-өткізу посттарындк дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта:
✔️ бақылау-өткізу посттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
✔️ КПП-1 кіреберіс тобы жаңартылып, КПП-2 кіреберіс тобында жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
✔️ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы (ЕҚТА) тәртіп ережелері жаңартылып орналастырылуда;
✔️ көрнекі ақпараттық материалдармен жабдықтау жұмыстары атқарылуда.

22 мамыр – Халықаралық биоалуантүрлілік күні 🌍

22 мамыр – Халықаралық биоалуантүрлілік күні 🌍

Биоалуантүрлілік – бұл жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің байлығы. Орман, көл, жануарлар мен өсімдіктер – табиғаттың баға жетпес қазынасы. Әрбір түр экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Табиғатты қорғау – болашақты қорғау. Бүгінгі күні биоалуантүрлілікті сақтау мәселесі бүкіл әлем үшін аса маңызды. Әрқайсымыз қоршаған ортаға ұқыпты қарап, табиғатты аялауға үлес қоса аламыз.

🌿 Табиғатты қорғайық!
🦌 Жануарлар дүниесін сақтайық!
🌎 Болашақ ұрпаққа таза әлем қалдырайық!

Биотехникалық іс-шаралар

«Көкшетау» МҰТП аумағында жоспарлы жұмыстар аясында биотехникалық іс-шаралар жалғасуда.

Парк қызметкерлері жаңа астаулар мен тұздықтарды орнатып, бұрын қойылған құрылымдарды жөндеу және күту жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар жануарларды табиғи мекендеу ортасында қолдауға көмектеседі. 🦌

🌿 Визит-орталыққа экскурсия

📚 Зеренді ауылының мектеп оқушылары Визит-орталыққа танымдық экскурсия жасап қайтты. Оқушылар туған өлкенің табиғаты, жануарлар әлемі мен өсімдіктері туралы қызықты ақпараттар алып, экспозициялармен танысты.

✨ Экскурсия барысында балалар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, жаңа әсерге бөленді. Осындай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады.

😊 Экскурсия оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа білім және ұмытылмас әсер сыйлады!