[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу»

2026 жылғы 13 мамырда Лобаново ауылындағы «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжінде Шалқар және Айыртау филиалдарының ғылым жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Б.К. Азбергенов, П.В. Паклин және орманшы-инспектор С.К. Есімжанов «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында «Экология» мамандығының 2-курс студенттерімен ұлттық табиғи парк аумағында ғылыми жұмыстарды жүргізу, сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді қорғау, тұяқты жануарлардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйесіне әсері, орман зиянкестері болып табылатын жәндіктермен күрес әдістері талқыланды.

«Мөлдір бұлақ»

🌿 «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Көкшетау» ұлттық паркінің Айыртау филиалының қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізді 💧

♻️ Акция барысында бұлақ көздері мен маңы тазартылып, қоқыстар жиналды.
🌱 Табиғатты қорғау және туған өлкенің тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

#ТазаҚазақстан #МөлдірБұлақ #КөкшетауҰТП #Айыртау #Экология 🌿💧

«Мөлдір бұлақ»

«Орманды бұлақ» филиалының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық шарасын ұйымдастырды 💧

♻️ Табиғи су көздерінің маңы тазартылып, аумақ абаттандырылды.
🌿 Осындай игі шаралар табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

#ТазаҚазақстан #МөлдірБұлақ #ОрмандыБұлақ #ТазаТабиғат 🌱💧

«Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, сондай-ақ оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу»

‼️Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, сондай-ақ оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу» туралы № 78 бұйрығына сәйкес Есіл бассейні бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде тыйым салу белгіленген:
1) Есіл бассейнінің барлық су айдындарында, сондай-ақ Астана қаласының, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекаралары аумағында – тиісті жылдың 10 сәуірінен 20 мамырын қоса алғандағы аралықта;
2) Есіл бассейнінің ащы-тұзды су айдындарында артемия цисталарын аулауға (ұстауға, жинауға, дайындауға) – тиісті жылдың 1 наурызынан 15 маусымын қоса алғандағы аралықта.
Осыған байланысты «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің барлық су айдындарында осы кезеңде су жануарларын аулауға тыйым салынғанын хабарлайды!

Табиғатты қорғау тақырыбында

📚🇰🇿 «Таза Қазақстан» акциясы және «Парктер шеруі» аясында 🌿🏫 Красный кордон негізгі мектебінде 1–4 сынып оқушыларымен 🌱 табиғатты қорғау тақырыбында танымдық әңгімелер өткізілді.

👧👦 Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы маңызды мәліметтер берілді.

🌍 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!

«Қазақстанның Қызыл кітапқа енген құстары»

📚🇰🇿 «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» акциясы аясында “Көкшетау” ұлттық табиғи паркі мемлекеттік инспекторларының ұйымдастыруымен экологиялық іс-шаралар өткізілді.

👩‍🏫 Рудный орта мектебінде 🕊️ «Қазақстанның Қызыл кітапқа енген құстары» тақырыбында танымдық әңгіме жүргізілді.

Сонымен қатар, Саумалкөл орта мектебінің 3 «Б» және 3 «В» сыныптарында:
♻️ «Таза Қазақстан» акциясы бойынша дәріс 🕊️ және Қызыл кітапқа енген құстар туралы түсіндіру жұмыстары өтті.

🌱 Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық!