🔹 Жаңа өртке қарсы техника Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне табысталды
🚒 2026 жылғы 18 ақпанда Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне «КамАЗ» негізіндегі 17 жаңа өрт сөндіру автокөлігі табысталды.
🔺 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда.
💧 Жаңа техникалар үш тоннаға дейін су тасымалдауға қабілетті, өзін-өзі сөндіру жүйесімен жабдықталған және қозғалыс барысында орман өрттерін сөндіру мүмкіндігіне ие. Бұл өртті жою кезінде мобильділік пен жұмыстың тиімділігін едәуір арттырады.
🔺 Бұған дейін ұлттық парктің материалдық-техникалық жарақтандырылуын күшейту шеңберінде:
⚙️ ЖАК–Т6 базасындағы, өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған 28 бірлік кіші орман-патрульдік кешен (КОПК);
🚜 МТЗ базасындағы 16 бірлік трактор алынған болатын.
🌳 Автопаркті жаңарту – мемлекет тарапынан көрсетілген маңызды қолдау. Заманауи техниканы енгізу орман өрттерінің алдын алу деңгейін арттырып, олардың бастапқы кезеңінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.










