Рубрика: Без рубрики
Биотехникалық іс-шаралар
Биотехникалық іс-шаралар — табиғатқа жасалған нақты көмек 🌿
Қыста жануарларға жем-шөп салу, тұз қою — жабайы табиғатты сақтауға бағытталған маңызды жұмыстар. Осындай қарапайым, бірақ жүйелі әрекеттер жануарлардың аман қалуына және табиғи тепе-теңдіктің сақталуына үлкен үлес қосады.
Табиғат бізге емес, біз табиғатқа жауаптымыз. Оны бірге қорғайық! 🐾
Ұлттық парктің қызметкерлері Ақан орта мектебінде және Құсбек ауылының оқушыларымен орман өртінің алдын алу бағытында лекция өткізді
Ұлттық парктің қызметкерлері Ақан орта мектебінде және Құсбек ауылының оқушыларымен орман өртінің алдын алу бағытында лекция өткізді.
Кездесу барысында орман өрттерінің алдын алу жолдары, өрт қауіпсіздігі ережелері, сондай-ақ орманға ұқыпты әрі жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы дәрістер мен түсіндірме әңгімелер ұйымдастырылды.
Мұндай жұмыстар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастырады және жас ұрпақты қоршаған ортаға жанашыр болуға тәрбиелейді.
“Экологиялық өнертапқыштыққа алғашқы қадам”
Арықбалық филиалының қызметкерлері мектеп оқушыларымен “Экологиялық өнертапқыштыққа алғашқы қадам” атты экосағат өткізді. Оқушыларға сабақ барысында орман өрттерінің алдын алу, орманға ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды қорғаудың маңызы кеңінен түсіндіріледі. Мұндай кездесулер балалардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық және өртке қарсы тәрбие беру – болашақта ормандарымызды сақтаудың ең тиімді жолы.
Заң. Экология. Жауапкершілік
Заң. Экология. Жауапкершілік
10-сынып оқушысы Кувшинов Максим табиғатты қорғау және экологиялық заңдарды сақтау тақырыбында бейнеролик дайындады. Бұл жұмыс балалар мен жасөспірімдерді қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғатты аялауға және әрбір әрекет үшін жауапты болуға шақырады. Таза табиғат — біздің ортақ болашағымыз!
“GREEN SCIENCE KZ”
14–16 қаңтар аралығында Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (ЕҚТА) 50 қызметкері “GREEN SCIENCE KZ” жобасы аясында тиімді коммуникациялар бойынша тренингтен өтті. Жоба Ботаника және фитоинтродукция институты тарапынан Шеврон компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылуда.
Ұлттық парктердің, қорықтардың, резерваттардың және ғылыми институттардың өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарымен және әлеуметтік желілермен жұмыс істеу, дағдарыстық коммуникациялар, сондай-ақ табиғатты қорғау саласында AI құралдарын қолдану мүмкіндіктерін зерттеді.
Бұл үш күндік тәжірибелік сабақтар, тәжірибе алмасу және қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласында қоғаммен диалогты күшейтудің жаңа құралдары болды.
“Солтүстік Қазақстанның ландшафтық экожүйелерін сақтау және ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету”
2025 жылдың 11-12 желтоқсанда Көкшетау МҰТП базасында ЕҚТА қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту тренингі өткізілді.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп, “Солтүстік Қазақстанның ландшафтық экожүйелерін сақтау және ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету” жобасын жүзеге асыруда. Екі күндік бағдарлама аясында БҰҰДБ сарапшысы Бельгубаева Арай, DAUAD GROUP ЖШС директоры Жанисбаев Даурен, биология ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры — Кабанова Светлана Анатольевна, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы Таирбергенов Юзан Абилкасымович, “Бурабай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ғылым бөлімінің басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты-Архипов Евгений Владимирович Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары қызметкерлерінің ЕҚТА аумағындағы өрт қауіпсіздігі, браконьерлікке қарсы күрес, ғылым және басқару жоспарына қатысты біліктілігін арттыруға арналған тренингтік оқыту өткізді.
«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы»
«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығының 6-тарауы қысқы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік тәртібінің 8 тармақшасы мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты мұз қалыңдығының қоса берілген жүктемеге сәйкестігі болып табылады. Бұл ретте мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес болуы қажет. Бүгінгі күні 11 желтоқсан жағдайы бойынша мұздың қалыңдығы Зеренді көлінде 7 см себепті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің су айдындарында мұз астынан балық аулауға тыйым салынады.
Сондай-ақ қағидада да мұз астынан балық аулау кезінде жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильцасы, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр жіп, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болуы қажет екенін ескертеді.
Мұз астынан балық аулаған кезде:
1) шектеулі алаңда екіден артық шұңқыр тесуге;
2) от жағуға рұқсат етілмейді.
Сыған көбелегінің жұмыртқа үлгілерін жинау
“Көкшетау” МҰТП ғылым және экологиялық мониторинг бөлімі Алматы қ. Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының (ҚазӨҚКҒЗИ) қызметкерлерімен бірлесе Айыртау филиалының Сырымбеттүкті орманшылығына жұпсыз жібек құрттың жұмыртқа салу үлгілерін жинау, оларды институттың зертханалық жағдайында алдағы зерттеу мақсатында сапармен барды. Аталған іс-шара БҰҰДБ саласында өткізіледі.
2025 жылғы Жаңа жыл мерекесі аясында қылқан жапырақты жас өскіндерді қорғауды күшейту шаралары
2025 жылғы Жаңа жыл мерекесі аясында қылқан жапырақты жас өскіндерді қорғауды күшейту шаралары
Жаңа жыл мерекелеріне дайындық кезеңінде қылқан жапырақты ормандарды қорғау мақсатында 2025 жылы “Көкшетау”МҰТП қызметкерлері эқылқан жапырақты түрлердің жас өскіндерін қорғау шараларын күшейтеді. 1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдарының қатысуымен мобильді топтар жұмысын бастайды, басты міндеті — заңсыз ағаш кесудің алдын алу.







































