18 қараша күні “Көкшетау”мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту жұмыстары жөніндегі инженері Айнұр Шарипова Көкшетау қаласының №9 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, биоәртүрлілік тақырыбында жан-жақты лекция оқыды.
Кездесудің басты мақсаты – жас буынға табиғаттағы тірі ағзалардың алуан түрлілігі, олардың бір-бірімен байланысы және экожүйелердің тұрақтылығы үшін биоәртүрлілікті сақтау неге маңызды екендігін түсіндіру болды.
Лекция барысында:
🌿 Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктер әлемінің ерекшеліктері туралы қызықты деректер айтылды;
🦉 Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер таныстырылды;
🌱 Табиғи парк аумағында биоәртүрлілікті сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар түсіндірілді;
♻️ Әр адамның табиғатты қорғаудағы жеке жауапкершілігі туралы әңгіме қозғалды.
Оқушылар белсенді сұрақтар қойып, қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз ойларымен бөлісті. Мұндай танымдық іс-шаралар балалардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, табиғатқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға зор ықпал етеді.
“Көкшетау” МҰТП өкілдері жас ұрпақпен жұмыс жүргізуді алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр. 🌍💚