1 қазан мерекесі құтты болсын! Бұл күн қуаныш, жылы лебіз және ізгі тілектерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, тыныштық пен мол береке тілейміз!
Автор: admin
Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелері
26.09.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ Айыртау филиалының ТКҚК жөніндегі инженері А.И.Ержигитов, «Ш.Уәлиханов» атындағы орманшылығының басшысы Р.И.Алтаевпен бірлесе Саумалкөл а.
Агротехникалық колледж студенттеріне дендрологиялық парк бойынша экскурсияны ұйымдастырды.»Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбына әңгіме өткізілді, сондай-ақ студенттерді Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі мен бақылау орталығы жұмысымен таныстырды.
«Көкшетау» МҰТП РММ аумағында ондатр, өзен құндызы, бөдене, сондай-ақ суда жүзетін құстардың есебі жүргізіледі.
«Көкшетау» МҰТП РММ аумағында ондатр, өзен құндызы, бөдене, сондай-ақ суда жүзетін құстардың есебі жүргізіледі.
«Таза Казахстан»
2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының жоспарын жүзеге асыру шеңберінде «Көкшетау» МҰТП РММ оқу орындарының студенттері мен оқушыларымен 2 үлгідегі орман өрт сөндіру станциясымен, өртке қарсы іс-шаралармен және орман өрттерін ерте анықтау жүйесімен таныстыруды өткізді.
«Көкшетау» МҰТП РММ Астана қаласының «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ бірлесе көлдерінің альгофлорасын зерттеу бойынша ғылыми зерттеуді жүргізеді.
«Көкшетау» МҰТП РММ Астана қаласының «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ бірлесе көлдерінің альгофлорасын зерттеу бойынша ғылыми зерттеуді жүргізеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні микробалдырлардың алдағы анықтап алуы үшін Зеренді, Шалқар және Имантау көлдерінен қайтадан су үлгілерінің іріктеп алуы өткізілді.
«Көкшетау» МҰТП РММ Айыртау филиалының уақытша тұқымбағында тұқым себу бөлімшесінің түгендеуі.
«Көкшетау» МҰТП РММ Айыртау филиалының уақытша тұқымбағында тұқым себу бөлімшесінің түгендеуі. Тұқымбақтың ауданы 3 га, тұқым себу бөлімшесінің 1,12 га құрайды.Кәдімгі қарағайдың біржылдық, екіжылдық, үшжылдық дақылдарының түгендеуі өткізілді.Стандартты көшеттер 2026 жылы көктемде орман дақылдарын құру үшін пайдаланылатын болады
«Көкшетау» МҰТП аумағындағы кәдімгі қарағайдың орман дақылдарын тамыр шіріндісінен кешенді қорғау.
Парктің ғылыми бөлімі «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы кәдімгі қарағайдың орман дақылдарын тамыр шіріндісінен кешенді қорғау» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Шалқар филиалында қосымша сынақ алаңы салынды.
«Табиғат жылнамасы»
«Табиғат жылнамасы» бағдарлама шеңберінде фенологиялық бақылаулар жануарлар мен өсімдіктер әлеміне ғана емес, саңырауқұлақтарға да жүргізіледі.Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының ғылыми қызметкері В.С.Васькинамен саңырауқұлақтар бойынша сынақ алаңшасы салынды.Сынақ алаңшасында сазқатпа және ақ саңырауқұлақ түрлері өсіп тұрады.
«Таза Қазақстан»
03.09.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері және мемлекеттік-азаматтық қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуы бойынша талаптарын түсіндіруімен қызметтік мәжіліс (нұсқаулық) өткізді.
03.09.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері және мемлекеттік-азаматтық қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуы бойынша талаптарын түсіндіруімен қызметтік мәжіліс (нұсқаулық) өткізді.
Мәжілісте тағы бір рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» ҚР Заңының 12 б. бекітілген сыбайлас жемқорлық шектеулері нұсқау берілді.
Осы ретте, барлық лауазымдық тұлғалармен және мемлекеттік функцияларды орындалуына құзыретті тұлғаларға теңестірілген қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнама талаптарын қатаң сақталуына нұсқау берілді.


























