[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

28.08.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ бас директорының төрағалығымен «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бас маманы А.В.Красниковтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша мәжілісі өткізілді.

28.08.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ бас директорының төрағалығымен «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бас маманы А.В.Красниковтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша мәжілісі өткізілді.
Мәжілістің күн тәртібі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмысын өткізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша шаралар туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасын зерделеу.

«Таза Қазақстан»

🌿 “Көкшетау” ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері туристік соқпақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асып, табиғатты қоқыстан арылтуға бағытталды.
Біздің мақсатымыз әсем табиғатымызды  сақтау және демалушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың қолымызда! 💚
#ТазаҚазақстан #КөкшетауМҰТП #ТабиғаттыСақтайық

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДА. Аң аулаушылыққа ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!!!

Аң аулау маусымның ашылудың басталуына байланысты белгіленген аң аулау жерлерінде суда жүзетін аң-құстарға (тамыздың соңғы сенбі күнінен), орман жабайы құстарға (қыркүйектің бірінші сенбі күнінен), сондай-ақ тұяқты аңдарға (аталықтарға 15 шілдеден, аналықтарға және биылғы төлдерге 15 қыркүйектен) «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардың қорғау аймақтарында аң аулаушылыққа тыйым салынғанын ескертеді. Жануарлар әлемін молықтыру және күзету саласындағы табиғат қорғау заңнама бұзушылығы үшін айыпты тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Әкімшілік кодексі бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулаушылық ережелерін және жануарлар әлемін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық заттарды және (немесе) қаруларды тәркілеумен жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салуына әкеп соқтырады.Егер жүз айлық есептік көрсеткіштен асып тұрған мөлшерінде залал келтірілсе, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады және үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұлмен не болмаса сол мөлшердегі түзету жұмыстарына не болмаса сегіз жүз сағат мерзімінде қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса үш жылға дейін мерзімде бас бостандығын шектеу не болмаса мүлікті тәркілеумен сол мерзімдегі бас бостандығынан айыру арқылы жазаланатын болады.

Табиғатқа ұқыптылықпен қараңыздар және табиғат қорғау заңнамасын бұзуына жол бермеңіздер!

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына сәйкес ғылым және экологиялық мониторинг бөлімі флораны

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына сәйкес ғылым және экологиялық мониторинг бөлімі флораны, сондай-ақ сирек кездесетін және қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді зерттеу бойынша далалық сапарларды жүргізіп тұрады.

Ғылыми зерттеу

«Көкшетау» МҰТП РММ-нің Ғылым және экологиялық мониторинг бөлімі Астана қаласындағы Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетімен бірлесе отырып, Зеренді, Шалқар және Имантау көлдерінің альгофлорасын және табиғи сулардың экологиялық бағасын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстарын жалғастыруда.

2025 жылғы 8 шілдеде сағат 09:34-те орман өртін ерте анықтау жүйесінің көмегімен Қарауылтөбе

2025 жылғы 8 шілдеде сағат 09:34-те орман өртін ерте анықтау жүйесінің көмегімен Қарауылтөбе орманшылығының 4 орам, 13 телімінде («Көкшетау»МҰТП Арықбалық филиалы) өрт анықталды. Хабарландыру схемасына және күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес Айыртау ауданының Арықбалық филиалы, Қазавиақорғау, ТЖБ күштері жедел тартылды.

10:40-та өрт сөндіру басталды, 10:45-те өрт оқшауланды. Сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің орны шығуы қиын, таулы жерлерде (биіктігі 518 м). Орман өртін ерте анықтау жүйесінің көмегімен ерте және уақытылы анықталғандықтан, орман өртінің ауданы 0,012 га құрады. Себебі – найзағай разряды.

Өрт сөндіруге:

“Көкшетау» МҰТП Арықбалық филиалы: АЦ-1,6 – 40 -1 бірлік

2 МЛПК, моторлы қайық

Авиаорманқорғау: 1 бірлік

Айыртау ауданының ӨСБ: АЦ 3-40-1 бірлік.

Адамдар:

Орман күзеті-18 адам

Қазавиаорманқорғау-3 адам

Айыртау ТЖБ-3 адам қатысты.

Шалқар көлінде заңсыз балық аулау

22.06.2025 жылы блогер Fatima Nurgazinovaның TikTok платформасында Шалқар көлінде заңсыз балық аулау туралы ақпараты жарияланды, алайда 2025 жылғы 21 маусымда «Көкшетау» МҰТП РММ Шалқар филиалының мемлекеттік инспекторлары «Ақан сере» орманшылығының 60 — орамы Шалқар көлінде, тыйым салынған балық аулау құралдарымен және рұқсат беру құжаттарынсыз балық аулау ережелерін өрескел бұзу фактісін анықтады. Имантау ауылының тұрғыны ұсталды. Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал СҚО Айыртау ауданының сотына жіберілді.

Фукс саусақтамыры

Арықбалық филиалының Қарауылтөбе орманшылығында, 24-кварталдың 25-телімінде Фукс саусақтамыры өсетін ерекше жер табылды.

Фукс саусақтамыры (латынша атауы — Dactylorhiza fuchsii) — көпжылдық шөптесін өсімдік, орхидеялар тұқымдасына жатады. Бұл өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Шамамен 5 шаршы метр жерді алып жатқан бұл жерде 500-дей өсімдік өсіп тұр.

Осыған байланысты ғылым инспекторы Васькина В.С. бұл жерде фенологиялық бақылау жүргізу үшін арнайы алаң құрды.

«Көкшетау» МҰТП-да биотехникалық іс-шаралар жалғасуда

«Көкшетау» МҰТП-да биотехникалық іс-шаралар жалғасуда

Ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары шеңберінде «Көкшетау» МҰТП РММ қысқы кезеңде жабайы жануарларды қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шаралар белсенді түрде жүргізіледі.

Парк қызметкерлерімен дайындалды және орнатылды:
— Қысқы азықтандыруға арналған 19 жаңа астау,
— 31 сортаң-жануарларды минералды заттармен қамтамасыз ету үшін.
Сондай-ақ, бұрын орнатылған 19 астауларға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осындай шаралар жабайы жануарлардың популяциясын сақтауға және суық мезгілде олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.