[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

Фукс саусақтамыры

Арықбалық филиалының Қарауылтөбе орманшылығында, 24-кварталдың 25-телімінде Фукс саусақтамыры өсетін ерекше жер табылды.

Фукс саусақтамыры (латынша атауы — Dactylorhiza fuchsii) — көпжылдық шөптесін өсімдік, орхидеялар тұқымдасына жатады. Бұл өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Шамамен 5 шаршы метр жерді алып жатқан бұл жерде 500-дей өсімдік өсіп тұр.

Осыған байланысты ғылым инспекторы Васькина В.С. бұл жерде фенологиялық бақылау жүргізу үшін арнайы алаң құрды.

«Көкшетау» МҰТП-да биотехникалық іс-шаралар жалғасуда

«Көкшетау» МҰТП-да биотехникалық іс-шаралар жалғасуда

Ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары шеңберінде «Көкшетау» МҰТП РММ қысқы кезеңде жабайы жануарларды қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шаралар белсенді түрде жүргізіледі.

Парк қызметкерлерімен дайындалды және орнатылды:
— Қысқы азықтандыруға арналған 19 жаңа астау,
— 31 сортаң-жануарларды минералды заттармен қамтамасыз ету үшін.
Сондай-ақ, бұрын орнатылған 19 астауларға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осындай шаралар жабайы жануарлардың популяциясын сақтауға және суық мезгілде олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

«ӨРТ–2025»

2025 жылғы 22-23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында  «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының аумағында шарттыорман және дала өртін сөндіру тактикасы ментәсілдері бойынша «ӨРТ-2025»республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығулар орманқоры аумағында туындайтын орман жәнедала өрттерін сөндіру жөніндегі күштер менқұралдарды басқару органдарының өзара іс-қимыл, өзара әрекет жасайтын мекемелер менқызметтер арасындағы өрттер туралы ақпараталмасу тәртібін, орман және дала өрттерінсөндіру әдістері мен тәсілдерін пысықтаумақсатында өткізілді.

​Оқуларға «Көкшетау» МҰТП, ТЖД, ЖАО, ІІБ, ТЖБ, АЭЖ, ЕӨҚ, Орлиногорское КММ,  Бұрлық КММ, Есіл КММ, медициналық қызмет, ветеринарлық қызмет, ауылшаруашылық құрылымдар, «Казавиақұтқару» қызметкерлері және еріктілер қатысты.

«Көкшетау» МҰТП РММ атынан оқуларға жеке құрамның 40 адамы қатысты және 12 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.

​Оқулар барысында өрт шыққан жердіаэровизуалды тексеру, өрт сөндіру десантынтүсіру, зардап шеккендерді құтқару,«Көкшетау» МҰТП РММ, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ  күштер мен құралдардың әрекетін көрсету жүргізілді (өртті сөндіру, суды әкелу, жер жырту) және т.б.

​Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша СҚОаумағында туындайтын орман және далаөрттерін сөндіру тәсілдері мен тактикасы,өрттерді уақтылы анықтау, жедел әрекет ету бойынша іс-шаралар пысықталды.

«TazaLike»

📍  «Көкшетау» МҰТП РММ «TazaLike» бастамасы аясындағы экологиялық акциялар
2025 жылы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «TazaLike» акциясы аясында бірқатар экологиялық іс-шаралар өткізілді. Ұйымдастырылған акциялар:
🐦 «Құстар күні»
💧 «Мөлдір бұлақ»
🏞 «Киелі мекен»
🧹 «Таза аймақ»
🌳 «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»
🌱 «Болашақты бірге отырғызамыз»
Акциялардың нәтижелері:
•289 құс ұясы орнатылды
•9 тонна қоқыс жиналды
•9 бұлақ тазартылды
•100 гектар аумақ ретке келтірілді
•66 100 көшет отырғызылды
•366  түп ағаш отырғызылды

2 миллион дана ақ балық түрлерінің личинкалары шығарылды

«Көкшетау» МҰТП РММ-і су айдындарындағы балық қорларын көбейту мақсатында жыл сайын биологиялық негіздемеге сәйкес балықтандырып келеді. Биылғы жылдың сәуір айында Зеренді көліне 4 млн дана және Шалқар көліне 2 миллион дана ақсақа тұқымдасының дернәсілдері жіберілді.

ТАҒАЙЫНДАУ

2025 жылдың 10 сәуір күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Нұрғанатұлы Құтпанбаев және Ақмола облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Жасқайратұлы Дүйсенов «Көкшетау» ұлттық парк қызметкерлерін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының бұйрығымен бас директор лауазымына тағайындалған Қарабаев Жолдасхан Байболатұлымен таныстырып, жаңа қызметте сәттілік тіледі.