Красный кордон негізгі мектебінің 1–3 сынып оқушылары Зеренді филиалының Визит-орталығына танымдық экскурсияға келді.
Экскурсия барысында оқушылар табиғаттың әсемдігімен танысып, қоршаған ортаны қорғау туралы қызықты мәліметтер алды 🌲✨
Балалар жаңа білім алып, өз әсерлерімен бөлісіп, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады 💚🌍
№13 «ЭКОС» мектеп-лицейінің базасында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Ашылу аясында Халықаралық құстар күніне орай акция өткізілді 🐦: қатысушылар құстарға қолдау көрсету мақсатында ұялар (скворечниктер) іліп, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар оқушылардың экология, табиғатты қорғау тақырыптарындағы білімдерін нығайту мақсатында экологиялық викторина ұйымдастырылды.
«Парктер шеруі» — табиғи мұраны сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған халықаралық акция.
2026 жылғы 1 ақпаннан 31 наурыз аралығында “Көкшетау” МҰТП РММ аумағында қысқы есеп жұмыстары жүргізілді.Олардың нәтижелері арқасында жүргізілетін табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігі және экожүйелердің қолайлы жағдайы туралы көрсететін жабайы жануарлар санының жағымды динамикасы белгіленді.
‼️Су айдындарында плюс температураның қалыптасуы және мұздың еруіне байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін «Көкшетау» МҰТП су айдындарындағы мұз үстіне шығуға шектеу қойылды.
‼️Сондай-ақ адамдардың өміріне қауіп төндірілетін жоғары қауіп кезеңінде су айдындарында спорттық-әуесқойлық балық аулауға тыйым салынды
27.03.2025 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ ғылым және экологиялық мониторинг бөлімімен ҒТК (ғылыми-техникалық кеңес) отырысы өткізілді.ҒТК келесі сұрақтар қарастырылды:
1.2025 жылғы Табиғат жылнамасын бекіту.
2.2026-2030 ҒЗЖ бағдарламасын қарастыру және бекіту.
3.2026-2030 ж. ҒЗЖ ғылыми тақырыптарын зерделеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, зерттеу, әдістерді қолдану және шешу. Отырыста «Табиғат жылнамасының» ғылыми басшысы, биология ғылымдарының докторы, профессоры — Абильжан Токанович Хусаинов қатысты.
🌱 «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы басталды!
Жыл сайын өткізілетін «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясының басталғанын хабарлаймыз. Аталған акцияның мақсаты — ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және қорғау.
Баршаңызды экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Табиғатты бірге қорғайық!
“Көкшетау” ұлттық табиғи паркі қызметкерлері 2026 жылғы 26 наурыз күні “Парктер шеруі” және “Таза Қазақстан” экологиялық акциялары шеңберінде Достық балабақшасы тәрбиеленушілеріне арналған “Жасыл болашақ балабақшадан” атты экологиялық сабақ өткізді.
Сабақ барысында балалар табиғат әлемімен танысып, оны сақтаудың маңызын білді. Қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар арқылы балалар белсенді қатысып, жаңа білім алды.
Экологиялық сабақ соңында балаларға “Табиғат жанашыры” және “Табиғат сақшысы” деген атақ берілді. Алдағы уақытта бүлдіршіндер табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға уәде берді.
«Көкшетау» МҰТП 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуде. Өрт қауіпті кезеңіне техникалық дайындық мамандандырылған техниканы сапқа тұрғызу, орманшылықтар, ОӨСС шегіндегі орман күзетінің барлық мемлекеттік инспекторларының қатысуы, қолдағы техниканың жауынгерлік дайындығының көрсетілімі және тиісті нормаларына сәйкес өрт сөндірудің бастапқы құралдарының бар болуы арқылы жүргізіледі.