[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Көкшетау» МҰТП РММ бас директорының орынбасары Б.С.Маканов, сондай-ақ «Көкшетау» МҰТП РММ құқықтық жұмыс, кадр және ұйымдастыру жұмыстары, жануарлар әлемін күзету және молайту бөлімдерінің басшылары Ж.О.Есенова, Ф.Г.Ахметова және В.В.Егоров тарапынан Шалқар, Арықбалық, Зеренді, Орманды бұлақ және Айыртау филиалдарының ұжымдарында көшпелі кездесулер ұйымдастырылып, семинарлар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері түсіндірілді.

Филиал ұжымдарының назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асырудың маңыздылығына, мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметінде ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етуге аударылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған жалпы профилактикалық шаралар, мемлекеттік инспекторлар мен мекеме қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында жол беруге болмайтын құқық бұзушылықтар туралы мәселелер қозғалды.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мекеме басшылығы тарапынан тиісті жауаптар берілді.

🌷 Табиғатпен тілдескен арулар 🌿

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз қарсаңында табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген нәзік жандыларымызға ерекше алғыс білдіреміз.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымында 2006 жылдан бері әртүрлі қызметтер атқарып, 2012 жылдан бастап орман кадастры бойынша инженер қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Негметова Каламкас Бегайдаровна – өз ісіне адал, білікті маман.

Жылдар бойы жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ұжым арасында сыйлы, беделді қызметкер атанып келеді. Табиғатты қорғау мен орман қорын есепке алу саласындағы еңбегі – парктің дамуына қосылған зор үлес.

Әке жолын жалғап, орман саласына адал қызмет етуді өмірлік мұрат еткен жан. Әкесі – Мұстафин Бегайдар Айтмағанбетович, орман шаруашылығы жүйесінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, Озерный және Бұрлық орманшылықтарында бас бухгалтер, лесоуправлениеде бухгалтер-ревизор қызметтерін атқарған. Бұл – орман саласына деген құрмет пен жауапкершіліктің отбасылық дәстүрге айналғанының айқын көрінісі.

Осындай кәсіби әрі парасатты орманшы арулар – табиғаттың да, ұжымның да көркі! 🌿

8 наурыз мерекесі қарсаңында ұжымды нығайтып, дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға ерекше алғысымызды білдіреміз

8 наурыз мерекесі қарсаңында ұжымды нығайтып, дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға ерекше алғысымызды білдіреміз.
     Ахметова Фавзия Газизовна «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде оның құрылған күнінен бастап дерлік еңбек етіп келеді. 1997 жылдан бері ол парктің қалыптасуы мен дамуына тікелей қатысып, өз қызметін адал атқарып келеді.
    Кәсібилігі, жауапкершілігі мен принципшілдігі мекеменің кадрлық саясатының берік негізіне айналды. Жүйелі әрі сауатты жұмысының нәтижесінде кадрлық үдерістердің нақты ұйымдастырылуы, еңбек заңнамасының сақталуы, ұйымшыл әрі тиімді ұжымның қалыптасуы қамтамасыз етілуде. Ол парк ұжымының кадрлық құрамын жасақтаудың бастауында тұрып, кәсіби әрі тұрақты команданың құрылуына елеулі үлес қосты.
      Фавзия Газизовна қызметкерлердің біліктілігін арттыру, еңбек тәртібін нығайту және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Оның кадрлық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі – мекеменің тұрақты әрі табысты қызметінің маңызды бөлігі.
     Жылдар бойғы еңбегі үшін ол әріптестерінің шынайы құрметіне, басшылықтың сеніміне ие болып, тәжірибелі, байыпты әрі білікті маман ретінде жоғары беделге қол жеткізді.

❗️Өрттің алдын алу — оны сөндіруден әлдеқайда жеңіл 🚒🚒🚒

❗️Өрттің алдын алу — оны сөндіруден әлдеқайда жеңіл 🚒🚒🚒

Көктемгі кезеңнің басталуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман өрттерінің алдын алу және оларды дер кезінде анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені күшейтіледі. «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалында өрт қауіпті маусымға дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп, ұйымдастырушылық, техникалық және алдын алу бағыттарын қамтиды.

Жыл сайын өртке қарсы іс-шаралар жоспары бекітіледі, оған кезекшілік кестелері, патрульдеу маршруттары және орман күзеті мен төтенше жағдайлар қызметтерінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібі кіреді. Мемлекеттік инспекторлармен, орманшылармен және филиал қызметкерлерімен орман өрттерін сөндіру тактикасы, қауіпсіздік техникасы және бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану мәселелері бойынша нұсқамалар өткізіледі. Орман қоры мен оған іргелес аумақтарда өрт туындаған жағдайда жедел әрекет ету схемалары пысықталады.

Мемлекеттік орман иелерін 2026 жылғы өрт маусымына дайындау бойынша міндеттер

26.02.2026 жылы «Көкшетау» МҰТП РММ басшылығымен Арықбалық филиалына сапары жүзеге асырылды, бұнда келесі сұрақтар бойынша мәжіліс өткізілді – 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне мемлекеттік орман иеленушілерінің дайындығы бойынша міндеттер, филиалының тұрақты орман тұқымбағында отырғызу материалын өсіру, 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңінің қорытындылары талқыланды, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық көріністерін болдырмау сұрақтары қозғалды.

Мәжілісте филиал ұжымы 70 адамнан аса қатысып отырды.

Өткізілген іс-шара барысында филиал қызметкерлерімен сұрақтар қойылды, басшылық оларға жауаптар мен ұсыныстарын берді.

Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар.

Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар.

«Табиғатты аялай білейік»

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ филиалдарында «Табиғатты аялай білейік» тақырыбында дәрістер, әңгімелер және экологиялық сабақтар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралардың мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және туған өлкенің табиғи мұрасын қорғауға тәрбиелеу.

Экологиялық сабақтарға келесі білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты:

  • Қарсақ ауылының бастауыш мектебі;
  • Красный кордон ауылының негізгі мектебі;
  • Арықбалық мектебі;
  • Айыртау мектебі;
  • Антоновка мектебі;
  • №1 Саумалкөл мектебі ;
  • Рудненский мектебі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтау және көбейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өзін-өзі ұстау ережелері мен табиғатты қорғауға әр адамның қосатын үлесінің маңыздылығы түсіндірілді.

Мамандар парк қызметі, өңірдің табиғи ерекшеліктері және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді.

Осындай іс-шаралар оқушылардың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарларды маусымдық қосымша азықтандыру жұмыстары жүргізілуде.🦌🐗🦊

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарларды маусымдық қосымша азықтандыру жұмыстары жүргізілуде.🦌🐗🦊
Азықтандыру кезеңі басталғалы бері:
•пішен — 182,9 тонна;
•жемдік астық — 148,1 тонна;
•азықтық сыпыртқылар — 129 504 дана;
•тұз — 3,3 тонна қойылды.
Қосымша азықтандыру шаралары қысқы кезеңде жабайы жануарлардың саны мен әл-ауқатын сақтауға бағытталған.

«Зеренді» көлі бойынша

«Зеренді» көлі бойынша

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Зеренді филиалында паркінің бас директорының төрағалығымен «Зеренді» көлінің мәселелері жөніндегі жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Жұмыс тобының құрамына бірнеше мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты, атап айтқанда: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) сарапшысы, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты мамандары (Алматы қ.), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ЕҚТА басшылығы.

Көктемгі-жазғы кезеңде «Зеренді» көліндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Зеренді ауылының көшелерінің су басу мәселесі талқыланды.

Көлдің жағалау аймағына ауыл жағынан визуалды тексеру жүргізілді. Отырыстың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен және бассейндік инспекциямен кешенді келісу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды, өйткені бұл мәселе экологиялық маңыздылықпен қатар әлеуметтік сипаттағы мәселелерді де қамтиды.