[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

🔹 Жаңа өртке қарсы техника Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне табысталды

🔹 Жаңа өртке қарсы техника Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне табысталды

🚒 2026 жылғы 18 ақпанда Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне «КамАЗ» негізіндегі 17 жаңа өрт сөндіру автокөлігі табысталды.

🔺 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

💧 Жаңа техникалар үш тоннаға дейін су тасымалдауға қабілетті, өзін-өзі сөндіру жүйесімен жабдықталған және қозғалыс барысында орман өрттерін сөндіру мүмкіндігіне ие. Бұл өртті жою кезінде мобильділік пен жұмыстың тиімділігін едәуір арттырады.

🔺 Бұған дейін ұлттық парктің материалдық-техникалық жарақтандырылуын күшейту шеңберінде:

⚙️ ЖАК–Т6 базасындағы, өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған 28 бірлік кіші орман-патрульдік кешен (КОПК);

🚜 МТЗ базасындағы 16 бірлік трактор алынған болатын.

🌳 Автопаркті жаңарту – мемлекет тарапынан көрсетілген маңызды қолдау. Заманауи техниканы енгізу орман өрттерінің алдын алу деңгейін арттырып, олардың бастапқы кезеңінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Көкшетау» МҰТП қызметкерлері 17 ақпанда 2026 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ұйымдастырылған «Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

«Көкшетау» МҰТП қызметкерлері 17 ақпанда 2026 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ұйымдастырылған «Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесінің ашық отырысына қатысты.
Отырыс жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, «Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламаларының цифрлық трансформациялау және өзектендіруіне арналған болатын.»Көкшетау» МҰТП өкілдері табиғат қорғау қызметінде цифрлық құралдарды енгізу және экологиялық мониторинг саласында әріптестікті дамыту, оқушылардың тәжірибеге бағытталған дайындықты күшейту бойынша ұсынытарын енгізді.

Аэрациялық жұмыстар

«Көкшетау» МҰТП РММ Шалқар филиалының қызметкерлерімен 2026 жылға арналған биотехникалық іс-шаралар жоспарына сәйкес аэрациялық жұмыстар жүргізілуде. Мұзойықтар жасалып және тесіктер бұрғыланып, суды оттегімен қанықтыру үшін  өнімділігі сағатына 75 м3 суды айдайтын ДДН-75 аспалы сорғысы бар МТЗ-82 тракторының көмегімен жүзеге асырылады.

🌿 «Көкшетау» МҰТП РММ  аумағындағы көлдерде аэрация жұмыстары басталды

🌿 «Көкшетау» МҰТП РММ  аумағындағы көлдерде аэрация жұмыстары басталды

Ұлттық табиғи парк қызметкерлері парк аумағындағы су айдындарында аэрация жұмыстарын жүргізуге кірісті.

❄️ Қыс мезгілінде мұз астындағы суда оттегінің мөлшері азаяды. Бұл балықтардың және басқа да су жануарларының тұншығып, қырылуына әкелуі мүмкін.

💧 Аэрация – суды оттегімен қанықтыру үдерісі. Ол үшін мұзға арнайы ойықтар мен оймалар жасалып, ауа алмасуы қамтамасыз етіледі.

✅ Аэрация жүргізудің пайдасы:

• балықтардың қырылуының (қысқы тұншығудың) алдын алады;

• ихтиофауна мен биоалуантүрлілікті сақтайды;

• су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартады;

• табиғи тепе-теңдікті қолдайды.

Бұл жұмыстар жыл сайын жүргізіліп, парктің табиғатты қорғау шараларының маңызды бөлігі болып табылады.

Ұсынылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерінің қатысуымен 2026 жылғы 30 қаңтарда ұсынылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы талқыланды.

Бас директор Ж.Б.Карабаевтың сөз сөйлеу барысында құжаттың негізгі бағыттары кеңінен қарастырылып, ұжым өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Әсіресе, қоршаған ортаны қорғау, табиғи мұраны сақтау және тұрақты даму бағыттарына ерекше назар аударылды.

«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

Әріптестік туралы меморандум шеңберінде оқушыларда қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бастамасы ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде оқушылар «Экокапля: собираем крышки — сохраняем природу» жобасын белсенді түрде жүзеге асыруда.
Оның мақсаты — пластикалық қалдықтарды қысқарту және қайталама шикізат өңдеуіне назарды аудару.Жиналған пластикалық қақпақтар қайта өңдеуге бағытталады, бұл табиғатты сақтау және қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендетуде ықпал етеді.
Барлық мектеп оқушылары бастаманы қолдайды және экологиялық жауапты ұрпақты қалыптастыра отырып, таза болашаққа қадам басып, ортақ іске өз үлесін қосады.

Имантау көлінің аралы

«Туризм» және «Өлкетану» үйірмелерінің қатысушылары, Имантау мектебінің 6–7 сынып оқушылары, «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалы мемлекеттік инспекторларының қатысуымен Имантау көлінің аралы — табиғи ескерткішіне экскурсияға барды. Имантау мектебінде шерулер — бұл балаларды біріктіретін, достыққа, төзімділікке және туған жерге махаббатқа үйрететін мейірімді әрі көне дәстүр.Біздің оқушыларымыз жиі әртүрлі жорықтарға аттанады, және олардың әрқайсысы — жаңа оқиға мен жаңа ашылулар. Балаларды қызықты сынақтар күтіп тұрды: азимут бойынша қазынаны іздеу, зияткерлік тапсырмалар. Барлық топтар тамаша нәтижені орындап, тәтті сыйлықтарға ие болды. Балалар таза ауада түскі астан дәм татып, арал төбелерінен көріністің әсемдігін тамашалады, қанағаттанған әрі шабыттанған күйде үйлеріне оралып, жолда келесі жорықты жоспарлай бастады.Осындай күндер ұзақ уақыт есте қалады!

 

«Сокол — М»

«Көкшетау» МҰТП РММ филиалдарда ОӨЕАЖ (орман өрттерін ерте анықтау жүйесі) жүйесі бойынша «Сокол — М» қазіргі заманауи метеостанциялары орнатылды, олар қашықтықтан жұмыс жасайды, демек оларды телефонда арнайы қосымшасы арқылы қажетті параметрлерді (температура және ауаның ылғалдылығы, желдің бағыты және күші және т.б.) бақылауға, сондай-ақ өрт қаупінің санатын есептеуге болады.
Қар жамылғысына бақылаулар қар жамылғысының сипатын, түскен қардың биіктігін және тығыздығын анықтауда ерекшеленеді.
Қар жамылғысының биіктігін күн сайын бақылау үшін қар өлшеу таяқшалары қолданылады.Бұл мәліметтер ылғалдылық қорларын болжалау, көктемгі тасқын суларды болдырмау үшін қажет.

Сенім телефон

 «Көкшетау»  МҰТП РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бұрын жұмыс жасаған сенім телефоны (бұдан әрі – сенім телефоны) туралы қайтадан хабарлайды. Аталған сенім телефоны азаматтар мен ұйымдармен тікелей телефон байланысын қамтамасыз етуге арналған, сыбайлас жемқорлық көріністері және өзге де құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел қабылдау мақсатында қызмет етеді, сондай-ақ оларға жедел әрекет ету, мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін жетілдіру және азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Сенім телефоны 8 (7162) 250673 ішкі 109,125.

«Табиғат шежіресі»

   «Табиғат шежіресі» бағдарламасы аясында Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылыми бөлімі қыс мезгілінде жауған атмосфералық жауын-шашынға (қарға) тұрақты түрде экологиялық мониторинг жүргізеді.

Парктың барлық филиалдарындағы метеобекеттерде қар жамылғысының биіктігі тіркеледі.

2026 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша қар жамылғысының биіктігі 50–60 см құрады.