Автор: admin
«Көкшетау» МҰТП бас директоры Ербол Болатович Сагдиев және Ақмола облысынын бас құтқарушысы Нұрлан Атығаевпен
Хабарландыру
ӨРТ-ОРМАН ЖАУЫ!
Хабарландыру
19.09.2022
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларының» 17-тармағына сәйкес тендерлік құжаттаманың жобасы тендерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын тендерді ұйымдастырушының және уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында орналастырылады. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
Ескертулер болған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тендерлік құжаттама жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.